Білім күні "Мектебім - мейірім мекені" » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 33 имени Абайа" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Абай атындағы №33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 2-78-52-74
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-78-52-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2024

Білім күні "Мектебім - мейірім мекені"

Жазғы демалыстарын қызықты да мазмұнды өткізіп, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін оқушыларымыз алтын ұя мектептеріне қайта оралып, жаңа оқу жылына қадам басты.
 
 
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектеп» КММ-де «Мектебім – мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. 2024-2025 оқу жылы бойынша 81 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.
Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Махмут Қажығұмарұлына беріліп, ата-аналар мен жаңа оқу жылына қадам басқан оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген баршаата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты.  
Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінің аға оқытушысы Қабыкей Қабдырахман құттықтауын білдіріп, Мектеп ұжымына Университет ректорының ынтымақстастық аясындағы жүйелі жұмысы үшін Алғыс хатын табыстады.
Ата-аналар атынан Мұқанғалиұлы Асылбек ата бүлдіршіндерге ақ басасын беріп, мектеп ұжымына сәттілік тіледі.
Шара барысында мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Мектептің парламент ұйымының оқушылары музыкалық сәлемдерін жолдап, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндеріміздің, білімге басқан қадамдар құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтары Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! #Bilim_quni




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив