Мектептің тарихи анықтамасы: » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 33 имени Абайа" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Абай атындағы №33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 2-78-52-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-78-52-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2017

Мектептің тарихи анықтамасы:

Мектептің тарихи анықтамасы:

· Мектеп 01.09.2011 жылы ашылған. Мектеп арнайы республикалық «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша шет мемлекеттерден көшіп келген этникалық қазақтар жанұялары қоныстанған мөлтек ауданында салынған. 2011-2012 оқу жылында 183 оқушы мемлекеттік тілде білім алды. Сол жылы мұғалімдер мен оқушылардың құрамы қоныс аударушылардан құралды. Мұғалімдердің негізгі бөлігі 2011 жылы жоғарғы оқу орнынын бітірген жас мамандар болса, оқушылардың басым көпшілігі шет елде басқа тілде білім алған оқушылар болды. Алғашқы жылы олардың қалыптасу кезеңі өте қиын деңгейде өтті.

· 01.09.2012 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Ново-Явленка орта мектебі» КММ жабылуына байланысты екі мектептің бірігу күні.

· 2012-2013 оқу жылынан бастап мектеп оқушыларының құрамы аймақтық «2020 бағдарламасы» бойынша қоныс аударған жанұялардың балаларымен толықтырылуда. Бүгінгі таңда Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Қазақстан мемлекеттерден жиналған оқушылар білім алады. Оралман болып есептелетін оқушылар 57% құрайды. Мектеп мұғалімдерінің 43% - ы жоғарғы оқу орнын Қазақстан Республикасында бітіргенімен, орта мектепті шет мемлекетте басқа тілде оқып келген азаматтар.

· 01.09.2012 жылдан бастап мектеп екі тілде білім беретін ауылдық аралас мектепке айналды.

· 2012-2013 оқу жылынан бастап алғашқы рет мектеп алды даярлық сыныптары ашылды.

· 2012-2013 оқу жылынан бастап Прудовое хозяйство, Ново-Явленка, Коробово ауылдарынан келіп оқитын оқушылар автобуспен қамтамасыз етілді.

· 2012-2013 оқу жылынан бастап мектеп «Асыл мұра» балалар өнер мектебі, №4 балалар- жасөспірім спорт мектебі, «Еңлік» балалар – жасөспірім клубы, №1 қалалық балалар кітапханасының филиалымен тығыз бірлесіп жұмыс істеуде.

· 2012-2013 оқу жылынан бастап «Тәуелсіз өткен тарихым» атты қалалық оқушылар мүшайрасының орталығы.

· 2014-2015 оқу жылы бірінші сыныптан бастап музыка пәні бойынша республикалық «Мұрагер» бағдарламасы енгізілді.

· 2013-2014 оқу жылының мектеп қалалық рейтингісі бойынша спорт және дене шынықтыру бағытынан І орынды, 2014-2015 оқу жылында ІІІ орынды иеленді.

· 2014-2015 оқу жылында мектеп бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қалалық пәндік олимпиададан І орынды иеленді.



Похожие публикации:

05 апрель 2017 Мұғалімдер
19 март 2017 ТӨЛҚҰЖАТ