«Ертістің ерке ақыны» атты кездесу кеші өтті » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 33 имени Абайа" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Абай атындағы №33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 2-78-52-69
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-78-52-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2023

«Ертістің ерке ақыны» атты кездесу кеші өтті

Қыркүйек айының 22 жұлдызы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы №33 орта мектебі» КММ –де Қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Төрт маусым – төрт өнер» ұлттық мәдени- ағартушылық жобасы аясында Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі, халықаралық айтыс ақындар мен жыршы-термешілер одағының мүшесі  айтыскер ақын Серік Сәдуақасұлы Құсанбаевтің 60 жасқа толуына арналған «Ертістің ерке ақыны» атты кездесу кеші өтті. 
Әдеби кештің мақсаты ұлттық құндылығымыз айтыс өнерін жас ұрпаққа дәріптеу және жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен таныстыру.
Кешке мектеп оқушылары мен ақынның қаламдас шәкірттері және ауыл тұрғындары да қатысты.  Кеш барысында салихалы әңгімелер айтылып, әсем әндер шырқалды. Оқушылар ақынға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өмірі мен шығармашылық жолынан таныс болды.
Шара барысында мектебіміздегі бірнеше жыл қатарынан жас ақындарды дайындап келе жатқан ақындар сыныбына Серік Құсанбаев  дауылпаз ақын Иса Байзақовтың есіміне байланыстырып,  «Дауылпаз» деген ат қойып, жас талапкер шәкірттерге ақ батасын берді. 
Осылайша Ертістің ерке ақынының мерейтойы Абай атындағы мектепте шымылдығын түрді.
Айтыс сынды бегзада өнердің қадір-қасиетін  жас ұрпаққа ұқтырып, адуынды ақын Серік Құсанбаев шығармашылығын дәріптеуді көздеген  кеш жоғары деңгейде өтті десіп қайтты қонақтар.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив