Жалпы мектепішілік ата –аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа № 33 имени Абайа" акимата города Усть-Каменогорска
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Абай атындағы №33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(723) 2-78-52-74
Есепші бөлімі:
+7(727) 2-78-52-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
ноябрь
2017

Жалпы мектепішілік ата –аналар жиналысы

Жалпы мектепішілік ата –аналар жиналысы
16 қараша,2017 жыл
Хаттама №2
Тақрыбы:Бала құқығын қорғауда ата-ана мен мектеп ұжымы тең құқықты әріптес.
Күн тәртібінде.
1) Білім беру мекемесінде ата-аналардан заңсыз қаржы жинамау туралы.
2) «Қадалғыш ,тілгіш заттарды,оқу үдерісі кезінде мектепте ұялы телефонды
алып жүруге тиым салу туралы» бұйрықпен таныстыру.
3) 2017-2018 оқу жылының I тоқсандағы атқарылған жұмыстардың
қорытындысы
Қаралды.
1) 1-мәселе бойынша директордың әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Торғайн А. білім беру мекмесі мектепте заңсыз қаржы жинау туралы айта келе, қандай жағдайларда оқушылардан ақша жиналатын баланың білімі мен рухани қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі олимпиадалар, цирк, театрға бару сияқты жұмыстарда ата-аналар өз еркімен баласына ақша беретінін айтты.
Ата-аналардан заңсыз қаржы жинамауға қарсы мұғалімдерге үнемі айтылып отыратынын айтты.
2) Осы тоқсан басында «Қадалғыш, тілгіш заттарды, оқу үдерісі кезінде мектепте ұялы телефонды алып жүруге тиым салу туралы бұйрықпен таныстыру» туралы әр сыныпта жиналыс өткенін және әр ата-ана танысып қол қойғанын айтып өтті
Ұялы телефонды алып жүруге байланысты рейд жүргізілгенін соның қортындысына тоқталды.
3) Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Месейхан М 2017-2018 оқу жылының I –толқсанындағы атқарылған тәрбиелік іс- шараларға және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты мектептегі үйірмелерді таныстырып, олардың жұмыс кестесімен ата-аналардың да хабардар болуына тоқталды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Белюгенева С.Б. 2017-2018 оқу жылының I-тоқсанының қорытындысына тоқталып , білім сапасы мен үлгерімі туралы айтты. Жаңартылған оқу бағдарламасымен оқып жатқан сыныптардың бағалану түрлері,параметрлеріне тоқталды.



Шешімі:
1.Білім беру мекемесінде ата-аналардан заңсыз қаржы жинамауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңның орындалуын қадағалау.
2. «Қадалғыш ,тілгіш заттарды ,оқу үдерісі кезінде мектепте ұялы телефонды алып жүруге тиым салу туралы »бұйрықтың атқарлуы негізінде ата –ана мен мектеп бірлесе жұмыс жасасын.
3. Оқу және тәрбие жұмыстарының I- тоқсанының қортындысына бірауыздан «жақсы»деген баға берілді.

Ата-аналар комитетінің төрайымы: Жабирова Ш
Жиналыстың хатшысы: Тюлендинова Г.Т





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
manap
29 ноября 2017 20:21
жиналыс жақсы өтті. қаралған мәселелер өте дұрыс.